Жарияланды: 400

Қазақстан Германияға мұнайды ең көп жеткізетін елдер арасында үшінші орында тұр

Қазақстан Германияға мұнай жеткізілімі бойынша алғашқы рет үшінші орынға шықты.

Бұл туралы бүгін Астанада басталған қазақстандық-германдық ІІ инновациялық форум барысында Германия экономика және технологиялар министрінің орынбасары Карл-Эрнст Браунер мәлім етті. «Германияның Қазақстанға экспортын айтатын болсақ, 2008 жылмен салыстырғанда біз әлі де минус 14 пайызда келеміз. Тек 2011 жылдың нәтижелері аздап көңіл жұбатады. Сәуір айында Германияның экспорты 36 пайызға, ал Қазақстанның Германияға жеткізілім көлемі 50 пайызға артқанын байқадық. Осы ретте, статистикалық мәліметтер бойынша, Қазақстан Германияға мұнай жеткізуші елдердің арасында алғашқы рет анағұрлым жоғары орынға шықты. Қазір Қазақстан Ресей және Ұлыбританиядан кейінгі үшінші орында тұр. Бұған дейін Қазақстан тізімде жетінші болған еді», - деді К.Браун. Сондай-ақ К.Браун атап көрсеткендей, Қазақстан мен Германия арасындағы тауар айналымы жаһандық дағдарысқа дейінгі қарқынға әлі орала алмай отыр. «Мен Қазақстанның үкіметі тарапынан белсенді іс-қимылдарды тосамын», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін