Қазақстан ғаламдық әл-ауқат рейтингінде 4 саты жоғарылап, 46-орынға тұрақтады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғаламдық әл-ауқат рейтингінде 4 саты жоғарылап, 46-орынға тұрақтады

Қазақстан ғаламдық әл-ауқат рейтингінде 4 саты жоғарылап, 46-орынға тұрақтады

Британдық Legatum зерттеу институтының 2011 жыл қорытындысы бойынша әзірлеген ғаламдық әл-ауқат рейтингінде Қазақстан 144 мемлекеттің ішінде 46-шы орынға тұрақтады.

  • 31 Қазан 2012
  • 428
Фото - Caravan.kz

Институттың ресми сайтындағы деректерге сүйенсек, алдыңғы рейтингте Қазақстан 110 елдің ішінде 50-ші орын иеленген болатын.

Рейтингте Қазақстан ТМД елдері арасында көш бастап тұр. Мысалы, Ресей 66-шы орында, Украина — 71-ші, Беларусь — 54-ші, Өзбекстан — 64-ші, Моңғолия — 59-шы, Қырғызстан — 88-ші орында.
Әл-ауқат рейтингінде әр мемлекеттің жеткен жетістіктері сегіз категория бойынша анықталады. Қазақстан «экономиканың қуаты» санатында 54-ші, «іскерлік климат» — 59, «тиімді басқару» — 95, «білім беру жүйесі» — 43, «денсаулық сақтау деңгейі» — 60, «қауіпсіздік және заңдардың сақталуы» — 53, «жеке бас еркіндігі» — 43, «әлеуметтік капитал» бойынша 37-ші орында.
Бастапқы үш орынды Норвегия (1), Дания (2) және Швеция (3) өзара бөліске салды. Ең үздік бес елдің қатарына Австралия мен Жаңа Зеландия да кіреді. Алтыншы орында Канада, Финляндия, Нидерланд, Швейцария және Ирландия.

Соңғы жаңалықтар