Қазақстан ғаламдық азық-түлік дағдарысын еңсеруге үлес қосуға дайын - Тәжин - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғаламдық азық-түлік дағдарысын еңсеруге үлес қосуға дайын - Тәжин

Қазақстан ғаламдық азық-түлік дағдарысын еңсеруге үлес қосуға дайын - Тәжин

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ғаламдық азық-түлік дағдарысын еңсеруге үлес қосуға дайын. Бұл туралы Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 63-ші сессиясында сөйлеген өз сөзінде ҚР СІМ Марат Тәжин мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 495
Фото - Caravan.kz

«Басқа көптеген елдер секілді ғаламдық азық-түлік нарығындағы ахуалға Қазақстан да алаңдаулы. Ағымдағы азық-түлік дағдарысын еңсеру үшін кешенді көзқарас қажет — барлық елдер икемділік танытып, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға қажетті тиімді тетіктер жасау үшін жақын ықпалдастық орнатуға тиіс деген көпшілік пікіріне қосыламыз», — деді М.Тәжин.

«Бүгінде басты азық-түлік өнімдерінің бағасының ғалам бойынша өсуі дүниежүзі қауымдастығы үшін қатерге айналып отыр. Астық пен ұнның ірі өндірушісі әрі экспорттаушысы ретінде Қазақстан өзінің ішкі сұранысын толық қамтамасыз ете алады және аграрлық салаға қосымша инвестициялар жұмсаған, жаңа ауылшаруашылығы технологияларын енгізген жағдайда ғаламдық азық-түлік дағдарысын еңсеруге қомақты үлес қоса алады», — деді ол.

Қазақстан СІМ республикада ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап әлемдік нарыққа астық экспорттауға салынған тыйымның алынғанын еске салды. «Бұл халықаралық қоғамдастықтың ғаламдық астық бағасының өсуін тежеуге жасаған қадамдарына қосқан үлесіміз болмақ», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар