Қазақстан ғаламдық мәселелерді шешу және қазіргі заманауи қиындықтарды жеңуде АҚШ-тың сенімді әріптесі әрі одақтасы ретінде қала береді- ҚР сыртқы істер министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғаламдық мәселелерді шешу және қазіргі заманауи қиындықтарды жеңуде АҚШ-тың сенімді әріптесі әрі одақтасы  ретінде қала береді- ҚР сыртқы істер министрі

Қазақстан ғаламдық мәселелерді шешу және қазіргі заманауи қиындықтарды жеңуде АҚШ-тың сенімді әріптесі әрі одақтасы ретінде қала береді- ҚР сыртқы істер министрі

1-шілдеде ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев Вашингтон қаласында АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэлл, АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Кондолиза Райс, мемлекеттік хатшының Еуропа және Еуразия істері жөніндегі кеңесшісі Элизабет Джоунс ханыммен келіссөздер жүргізді.

  • 3 Шiлде 2003
  • 1587
Фото - Caravan.kz

Вашингтондағы дипломатиялық көздерден KZ-today ақпараттық агенттігіне хабарлауынша, екі мемлекеттің сыртқы саясат ведомствосы басшыларының кездесуінде кең көлемді мәселелер топтамасы, соның ішінде заңсыз адам тасымалына қатысты тауқыметтер талқыланды. АҚШ сыртқы саясат мекемесінің басшысы бұл мәселенің қазір дүниежүзінің барлық мемлекеттерін бірдей шарпып отырғанын, олардың арасында тәуелсіздікке таяуда ғана қол жеткізген жас мемлекеттердің де бар екеніне тоқталды. Өз кезегінде Қасымжомарт Тоқаев ҚР парламентінің сенаты осы мәселеге байланысты Қылмыстық Кодекске түзету енгізіп, бұл тауқыметке баса назар аударып отырғанын хабарлады.

Еліміздің сыртқы саясат ведомствосының басшысы Қазақстан — АҚШ-тың осы аймақтағы сенімді әріптесі, сондай-ақ, ғаламдық мәселелерді шешу және қазіргі заманауи қиындықтарды жеңуде АҚШ-тың шынайы одақтасы болып келді, әрі сол қалпында қала береді деп мәлімдеді. Экономикалық реформалар деңгейіне және жүзеге асырылып жатқан демократиялық өзгертулерге қарай Орталық Азия республикаларын салыстыра келіп Қасымжомарт Тоқаев бұл тұрғыда Қазақстанның аймақта алдыға жан салмай отырғанын ерекше атады. АҚШ пен Еуропалық одақтың Қазақстанды нарық экономикасына бұлтарыссыз аяқ басқан ел ретінде тануы кездейсоқтық емес деді ол.
АҚШ жағы Қазақстан Республикасының Ауғанстан мәселесі мен Иракты қалпына келтіруге атсалысу жөнінде ұстанып отырған саясатына қанағаттанғандық білдірді.
Қасымжомарт Тоқаев ТМД аясында соңғы уақыттарда болған оқиғалар туралы кең көлемді ақпарат беріп, Қазақстанның көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты нығайту және оның ауқымын кеңейтуге база назар аударатынын жеткізді.
Еліміздің бас дипломаты Қазақстанның демократиялық өзгертулер жолын ешбір жалтақсыз, бұлтарыссыз таңдағанын, оны дамыту және нығайту мақсаттарына белгілі бір мерзім қажеттігін атады.
АҚШ мемлекеттік департаментінің жоғары лауазым иелері келіссөздер қорытындысына қанағаттанғандық ниет білдірді. Осы орайда Қасымжомарт Тоқаевтың Вашингтондағы беделінің жоғарылығы, оның АҚШ астанасына келуі айрықша маңызды әрі уақытын тапқан сапар екені атап көрсетілді.
Қасымжомарт Тоқаевтың АҚШ мемлекеттік хатшысы Колин Пауэллмен және АҚШ президентінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Кондолиза Райс ханыммен жүргізген келіссөздері ашық әрі меймандостық сипатта өтті. Бұл — екі мемлекет арасындағы әріптестіктің жоғары деңгейін паш етіп, екі жақты байланыстардың беки түсу мүмкіндігін айғақтаса керек.

Соңғы жаңалықтар