Қазақстан ғалымдары күн қуатын пайдаланудағы қытай тәжірибесін зерттеуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ғалымдары күн қуатын пайдаланудағы қытай тәжірибесін зерттеуде

Қазақстан ғалымдары күн қуатын пайдаланудағы қытай тәжірибесін зерттеуде

Дүйсенбі күні Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі Үрімші қаласында халықаралық курстар басталды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 442
Фото - Caravan.kz

Электр энергиясын өндіру үшін күннің қуатын игеру және пайдалану техникасын зерттеуге арналған бұл курсқа қазақстандық мамандар да қатысуда.

Шынжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің Ғылым және техника басқармасы бастығының орынбасары Ху Кэлиннің айтуынша, шетелдік мамандар үш апта бойы дәріс тыңдайды, кәсіпорындарда өндірісті зерттейді және тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

«Шынжаң мен Орталық Азия мемлекеттерінің арасында табысты ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың орнатылғанына 20 жылдан асты», дейді Ху Кэлинь.

Естеріңізге сала кетейік, Шынжаң үкіметі 1996 жылдан бері орталықазиялық елдермен ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың халықаралық жобаларын ұйымдастыруға жыл сайын қаржы бөліп келеді. Бұл курстар осымен екінші рет өткізіліп отыр және оны Қытайдың Ғылым және техника министрлігі ұйымдастыруда.

Соңғы жаңалықтар