Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің ақпарат және талдау басқармасынан хабарлады.
Осындай бастаманы 2002-жылдың қазан айында РФ сыртқы істер министрі Игорь Иванов көтерген болатын.
Бастамада ғарыштық нысандарды ұшыру жөніндегі болашақ жоспарлар, олардың мақсаты және негізгі көрсеткіштері туралы ақпаратпен алдын-ала бөлісуге Ресей Федерациясы тарапынан әзірлік танытылған.
Бүгінде, тиісті дайындық жұмыстары тәмамдалып, бастама тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.