Жарияланды: 640

Қазақстан ғылымға бөлінетін қаржы көлемін арттырады

2015 жылға қарай ғылыми зерттеу жұмыстарына бөлінетін қаржы көлемі 2 млрд долларға жетеді, деп мәлімдеді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Дүйсенбі күні Астанада өткен ұлттық телекөпірден кейін президент: «Біз 2015 жылға қарай ғылыми зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемін арттырып, ІЖӨ-нің 1 пайызына теңестіреміз немесе оның көлемі 2 млрд доллардан асады деп үміттенемін», - деді. Оның айтуынша, «қаржының 60 пайызы зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалады». Президент Швеция мен Финляндияның ІЖӨ-нің 4%-ын, Германия мен Франция - 3,5%-ын ғылым саласына жұмсайтынын тілге тиек етті. «Инновацияға қаржы салмайтын кәсіпорынның келешегі де жоқ. Сондықтан біз интеллектуалдық меншік рыногын қалыптастыру мәселесін шешіп алуымыз керек. Қазақстанда жаңалық ашқандардың мүддесін, авторлық және аралас құқықтарды тиімді қорғайтын мықты заң болуы керек», - деп атап өтті Н.Назарбаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін