Қазақстан грузин-осетин қақтығысын ретке келтіру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан грузин-осетин қақтығысын ретке келтіру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайды

Қазақстан грузин-осетин қақтығысын ретке келтіру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайды

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан грузин-осетин қақтығысын ретке келтіру бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды қолдайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

  • 20 Тамыз 2008
  • 650
Фото - Caravan.kz

«Біз Ресей, Франция, Грузия президенттері, Абхазия және Оңтүстік Осетия басшылығы қол жеткізген уағдаластықтарды қолдаймыз. Осы уағдаластықтарды қақтығысқа қатысы бар барлық тараптардың мүлтіксіз орындауы қажет», — деп көрсетілген ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

«Біз осы мәселені БҰҰ Жарғысына, 1975 жылғы ЕҚЫҰ Хельсинки қорытынды актісі, 1966 жылғы халықаралық пактілерге және халықаралық құқықтың басқа да негізгі құжаттарына сәйкес реттеу жөніндегі Ресей басшылығы ұсынған жолды құптаймыз», — деп атап көрсетілген құжатта.

«Сонымен қатар, қақтығыс аймағында ЕҚЫҰ бақылаушыларының санын көбейту және олардың рөлін көтеруді қолдаймыз», — деп айтылады Қазақстанның СІМ мәлімдемесінде.

Оңтүстік Осетиядағы және осы аймақтағы соңғы оқиғалар принциптік тұрғыдағы мәселелерге қатысты болғандықтан әділ және салмақты пікірді қажет етеді. Аймақтағы шиеленіскен этно-территориялық тартысты күш қолдану арқылы шешуге тырысу ауыр зардаптарға әкеліп соқты. Мәселені бейбіт және құқықтық жолмен шешу едәуір қиындады.

«Аймақтағы гуманитарлық апат жағдайында азап шеккен тұрғындарға Қазақстан материалдық көмек көрсетуде. Болашақта этно-территориялық мәселелердің шешімі халықаралық құқықтық базаға сүйенуі керек екені айқын», — деп айтылады мәлімдемеде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар