Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл хаттамаға 2004-жылдың қараша айында Женевада Қазақстанды Бүкіәлемдік сауда ұйымына мүшелікке қабылдату жөніндегі жұмыс тобының отырысы аясында қол қойылды. Хаттамада 2005-жылдың 1-сәуірінен бастап Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен жиналатын алымдарды сатылы түрде алып тастау жөніндегі кестені жүзеге асыру қарастырылған.
Қазіргі жағдаймен Қазақстан мен Грузия арасындағы еркін сауда режимінен спиртті және спиртсіз өнімдерден, темекі мен қанттан алым жиналады. Ал Грузия жағы Қазақстанға қатысты алым қолданбайды.
Хаттаманы бекіту екі ел арасындағы еркін сауда аймағын қалыптастыру процессін аяқтауға мүмкіндік береді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті