Д.Ахметовтың айтуынша, «Грузия экономикасына инвестиция жұмсауға Қазақстан ықпалды шаралар қолдана алады». «Бүгінде «Қазақстанның даму банкі» алыс шетелдерде тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктеріне ие болды»,- деді үкімет басшысы.
Қазақстан Ақтау-Баку-Поти-Батуми жүйесін дамытудан мүдделі. «Біз үшін бұл -стратегиялық бағыт»,- деді Д.Ахметов. «Хромтау-Алтынсарин темір жол желісін тарту арқылы бұл бағыттағы жүк айналымы бірнеше есе өсуі тиіс»,- деді ол.
Үкімет басшысының пікірінше, екі ел арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық «Баку-Тбилиси-Жейхан халықаралық құбыр жүйесінің тиімді жұмысына байланысты болмақ». «Біздің пайымдауымызша жүйе Ақтау-Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбыры деп аталуы тиіс. Біздің елдер үшін көмірсутегі шикізатын транзитті тасымалдау мүмкіндіктері дәл осы бағытта қалыптасады»,- деді Д.Ахметов.
«Қазақстан мұнай тасымалы, соның ішінде Қазақстан мұнайын еліміз арқылы түрлі бағытта тасымалдаумен шұғылданатын бірлескен транспорттық компания құру жайындағы келіссөздерге дайын»,- деді ҚР үкімет басшысы.