Қазақстан грузия-оңтүстік осетия шиеленісінен зардап шеккендерге қайырымдылық көмек көрсетеді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік өнімдері, дәрі-дәрмек, тазалық құралдары, киім-кешек пен құрылыс материалдары жөнелтіледі.

"Қазақстан үкіметі шиеленіске қатысушы тараптарды халықаралық қоғамдастық тарапынан көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмектің ешбір кедергісіз әрбір мұқтаж жанға жеткізілуіне қажетті жағдайды қамтамасыз етуге шақырады", -деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.