Спорт шенеунігінің айтуынша, Азиадада өнер көрсететін бокстан ерлер және әйелдер құрамалары толық жасақталып бітті. Екі команданың да әлеуеті үлкен, олар Гуанчжоуға толық құрамда аттанады.
«Қазақстандық боксшылар делегациясының қатары үлкен болады, себебі бокс — біз әрқашан үміт артатын спорттың түрі. Қай жақтан болса да, медальсыз қайтқан кезіміз жоқ. Азиада ойындарындағы біздің негізгі қарсыластарымыз — Қытай, Үндістан, Солтүстік және Оңтүстік Корея», — дейді Ж.Сәрсенов.
Жазғы Азиялық ойындар ағымдағы жылы қарашаның 12-сі мен 27-сі аралығында Қытайдың Гуанчжоу қаласында өтеді.