Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

Қазақстан инновация деңгейі бойынша әлемдік рейтингіде 77-орында

2020 жылы Қазақстан инновация деңгейі бойынша 131 мемлекет қатысқан әлемдік рейтингіде 77-орынға жайғасты.

  • 23 Ақпан 2021
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл тізімде еліміздің индексі 28,6-ны құрады. Нәтижесінде Қырғызстаннан алда, Ресей, Армения сынды экономикалық одақ мемлекеттерінен артта қалдық. Ал әлемдік рейтингіде Швейцария, Швеция және АҚШ көш бастап тұр.

Жалпы бұл тізім – дүниежүзі елдеріндегі инновация дейгейін анықтайтын жоба. Индекс 80 көрсеткіш негізінде экономикалық жағдайы әр түрлі мемлекеттердегі жаңа технологиялардың даму көрсеткішін айшықтайды. Рейтингіде көрсеткіштер 2 бағыт бойынша есептеледі. Олар: — Инновация үшін жасалған жағдай (Innovation Input); — Бұл салада жеткен жетістіктер (Innovation Output).

Бірінші бағыт бойынша Қазақстан рейтингте 60-сатыға жайғасты. Ал екінші бағыт бойынша 94-орынға ие болды. Осылайша ортақ нәтижелер 77-орынға тұрақтауға мүмкіндік берді.


Әлем елдерінің инновация дейгейін анықтайтын 80 көрсеткіш 7 негізгі санатқа жіктелген. Бұл ретте «Институттар» бағыты бойынша Қазақстанның индексі 69-ды құрады. Аталған санат мемлекеттегі кәсіпкерлік, саясат, құқықтық базаны бағалайды. Бұл еліміз үшін жақсы нәтиже болып есептеледі.

Ал ең төмен баға «Шығармашылық нәтижелер» санаты бойынша берілген. Бұл рейтингідегі 105-орын. Аталған көрсеткіш материалдық емес активтерді, интернет қызметінің деңгейін анықтайды.

Соңғы жаңалықтар