Қазақстан инновация саласында Гонконг тәжірибесін үйренеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан инновация саласында Гонконг тәжірибесін үйренеді

Қазақстан инновация саласында Гонконг тәжірибесін үйренеді

ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков Гонконг жұмыс сапары барысында өзара ынтымақтастықтың нақты салалары мен түрлерін айқындау үшін, сондай-ақ, инновациялар мен озық технологияларды дамыту үшін Қазақстан мен Гонконг кәсіпкерлерінің өзара барыс-келістерін ұйымдастыру туралы мәмілеге келді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2004
  • 545
Фото - Caravan.kz

ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков басқарған Қазақстандық өкілдер Гонконгіде қарашаның 18 мен 21 аралығында болды. Сапардың басты мақсаты — сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту болып табылады. Сапар барысында Ә.Жақсыбеков Гонконг үкіметінің қаржы министрі Генри Танг, Гонконгте сауда-саттық саласын дамытуға ықпал ету жөніндегі кеңестің атқарушы директоры Фредерик Лам, инновациялар және озық технологиялар жөніндегі комиссия төрағасы Энтони Вонг мырзалармен кездесті.

ҚХР арнаулы ауданы үкіметінің өкілдерімен жүргізілген келіссөздер барысында түрлі салаларда, соның ішінде инновациялар мен озық технологияларды дамыту және оған мемлекет тарапынан қолдау көрсету салаларында етене жақын ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ, Қазақстандық өкілдер сыртқы сауда-саттықты мемлекет тарапынан ынталандыру, бұл бағыт үшін жауапты мемлекеттік мекемелердің жұмысын ұйымдастыру және оның құрылымына қатысты жұмыс тәжірибесімен танысты.
Сапар барысында қазақстандық өкілдер «World SME Expo 2004» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған шағын және орта кәсіпорындардың бүкіләлемдік көрмесін аралап, шағын және орта бизнес саласындағы әлемдік тәжірибемен танысып, Гонконгтегі ҚР бас консулдық мекемесі әзірлеген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Экспозиция еліміздің инновациялық мүмкіндіктеріне арналды.

Перейти к новостям спорта