Жарияланды: 630

«Қазақстан инжиниринг» пен Уралвагонзавод ҚР-да ауыр техниканы жөндеу бойынша сервистік орталық құрады

«Қазақстан инжиниринг»ұлттық компаниясы мен ресейлік«Уралвагонзавод» (УВЗ) Қазақстан аумағында ауыр техниканы жөндеу бойынша бірлескен сервистік орталық құру туралы келісімге қол қойды, делінген УВЗ ақпаратында.

«Қазақстан Республикасының аумағында әскери және азаматтық мақсаттағы ауыр техникаға қызмет көрсету, оны жөндеу және модернизациялау жөніндегі бірлескен кәсіпорын – сервистік орталық немесе бірлескен өндіріс құру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге «УВЗ» корпорациясының бас директоры Олег Сиенко мен «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының президенті Болат Смағұлов қол қойды», - делінген УВЗ баспасөз қызметінің сәрсенбі күні компанияның сайтында жариялаған ақпаратында. Сервистік орталық құрудың шарттары, соның ішінде тараптардың үлестік қатысуының түрлері мен көлемін анықтау, әкімшілік, ұйымдастырушылық, қаржылық, техникалық және басқа да мәселелер ҚР мен РФ-ның әскери-техникалық ынтымақтастық туралы заңнамасындағы процедураларға сәйкес, сервистік орталық құру туралы шешім қабылданған соң анықталады. «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ 25 заңды тұлғаның акционері мен қатысушысы болып табылады, оның 15-і ірі машина жасау кәсіпорны болып табылады. Олардың арасында Киров ат. Алматы зауыты мен Петропавлдағы ауыр машина зауыты бар. «Уралвагонзавод» ААҚ-на Ресей мен Еуропадағы 20 өнеркәсіп кәсіпорны, ғылыми-зерттеу институттары және конструкторлық бюролар кіреді. КомпанияРесейдің жүк темір жол машина жасау нарығының 45%-дан астамын алып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін