Қазақстан ипотекалық компаниясы ипотекалық несиелерді рәсімдеуде алаяқтық оқиғаларының жиілеп кеткенін ескертеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ипотекалық компаниясы ипотекалық несиелерді рәсімдеуде алаяқтық оқиғаларының жиілеп кеткенін ескертеді

Қазақстан ипотекалық компаниясы ипотекалық несиелерді рәсімдеуде алаяқтық оқиғаларының жиілеп кеткенін ескертеді

АЛМАТЫ. 9-тамыз. Kazakhstan Today. "Қазақстан ипотекалық компаниясы" АҚ ипотекалық несиелерді рәсімдеуде алаяқтық оқиғаларының жиілеп кеткенін мәлімдей отырып, еліміз азаматтарына абай болуды ескертеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 9 Тамыз 2006
  • 851
Фото - Caravan.kz



«Егер сіздер Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасына сәйкес ипотекалық несие алуға ұйғарсаңыз, онда, компанияның несие алушылармен тікелей жұмыс істемейтінін білгеніңіз абзал. Демек, ипотекалық несие алу туралы келісім-шарттарына компания қол қоймайды»,- делінген компанияның азаматтарға арнаған мәлімдемесінде. Несие туралы ипотекалық компанияның әріптес банктері ғана шарт жасаса алады, деп ескертеді компания.

«Әріптестер — екінші деңгейлі банктер мен банк қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асырушы ұйымдар»,- дейді баспасөз қызметі. «Қазақстан ипотекалық компаниясының бағдарламасына сәйкес ипотекалық несие алған жағдайда жаңсақтыққа жол бермеу үшін ипотекалық несие жөніндегі келісім-шартын баспана сатушылармен, құрылыс компанияларымен және риэлторлармен жасасуға болмайды»,- дейді компаниядағылар.

Перейти к новостям спорта