Қазақстан Иранға 19,67 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Иранға 19,67 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

Қазақстан Иранға 19,67 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетеді - ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

Қазақстан Иранға жалпы құны 19,676 млн. теңгенің қайырымдылық көмегін көрсетеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 30 Желтоқсан 2003
  • 423
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР үкіметінің шешімімен еліміз Иранға қайырымдылық көмек тиелген ұшақ жөнелтпекші. 26-желтоқсанда осы елдің Бам қаласында болған жер сілкінісі салдарынан 28 мыңдай адам опат болып, 60 мыңнан астамы жараланған болатын.

Еліміз қайырымдылық көмек ретінде Иранға жөнелту үшін әскерге арналған көп орынды 35 шатыр, 200 пеш, 500 жылы киімдер жинағы, 27 түрлі дәрі-дәрмек құралдарын әзірледі. Қайырымдылық жүктің жалпы салмағы 32,5 тоннаны құрайды.
Қазіргі сәтте жүк Алматы әуежайында рәсімделуде. Ұшақ 31-желтоқсанда түнгі сағат 1-де жолға шығады.

Соңғы жаңалықтар