Қазақстан ішімдікті тұтынудан бірінші орында тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ішімдікті тұтынудан бірінші орында тұр

Қазақстан ішімдікті тұтынудан бірінші орында тұр

Қазақстанда аурудың 82%-і дұрыс тамақтанбау, шылым шегу, жасанды түсік жасату, алкоголь өнімдерін тұтыну секілді инфекциялық емес факторлардан туындайды.

  • 19 Шiлде 2018
  • 149
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Амансаулық» қоғамдық қорының президенті Бақыт Түменова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам 120 жыл өмір сүре алады. Бұл өте жақсы. Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы артып келеді, шамамен 70 жастан жоғарылады. Сонда біз 50 жылдай өмірімізді сүрмейміз. Бұл неге байланысты? Бірінші кезекте аурудың алдын алу мен ескертуге байланысты болып отыр. Қытайдың «ауру басталмастан үш жыл бұрын ескерту керек» деген сөзі бар, бірақ бұл бізде орындалмай отыр», — деді Түменова.

Ол Қазақстан Республикасында аурудың 82 проценті инфекциялық емес факторлардан туындайды, яғни дұрыс тамақтанбау, шылым шегу, жасанды түсік жасату, алкоголь өнімдерін тұтыну және басқа да факторларға байланысты болып отырғанын атап өтті.

«Ішімдікпен күреспек болып, оған толықтай тыйым салмақ болғанымыз есімде. Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге талпынып жатыр. Бірақ 15 жастан асқан алкоголь өнімдерін тұтынатын адамдар саны бойынша Қазақстан Орта Азияда 1-орында тұр. Дамыған елдердің қатарына кірместен бұрын тым құрығында осы ішімдік барьерін бұзуымыз керек. Елімізде 15 жастан бастап жан басына шаққанда жылына алкоголь сусындарын тұтыну 9 литрді құрайды. Соның ішінде 62 проценті әсері күшті сусындар», — деді қоғамдық қор президенті.


Ол зиянды заттарға бірден тыйым салу оң нәтиже бермейтінін атап өтті.

«Біз бірнәрсеге тыйым салған кезде ол өте қатты сұранысқа ие бола бастайды. Зиянды заттарды азайту концепциясы бойынша оны сатылап жүргізуіміз қажет», — деді Түменова.