Қазақстан исламның әр түрлі ағымдарының халықаралық диалог орталығын ашу туралы бастаманы қолдайды
Ислам ынтымақтастығы ұйымы кеңістігінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін діни диалог іргетасын қалау өте маңызды, дейді еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. |
«Жуырда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі діни қоғамдастықтар арасындағы келісімнің стратегиялық актив болып саналатынын дәлелдеп берді. Осы орайда біз Қасиетті қос мешіттің қорғаны, Сауд Арабиясы королі Абдалла ибн Әбдел Әзиз иб әл-Саудтың ислам ағымдары арасында халықаралық диалог орталығын құру туралы бастамасын қуаттаймыз», - деді ол ИЫҰ СІМ-і кеңесінің 39-шы отырысында.
Министрдің айтуынша, ИЫҰ алдағы уақытта да жек көрушілік пен исламды құбыжық етіп көрсетуге қарсы күресуді жалғастыруы тиіс.
Биыл Қазақстанның ИЫҰ СІМ Кеңесіне төрағалығы аяқталады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін