Қазақстан ИЫҰ СІМ кеңесіне төрағалығы барысында халықаралық проблемаларды шешуге барынша күш салады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ИЫҰ СІМ кеңесіне төрағалығы барысында халықаралық проблемаларды шешуге барынша күш салады

Қазақстан ИЫҰ СІМ кеңесіне төрағалығы барысында халықаралық проблемаларды шешуге барынша күш салады

Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымы СІМ кеңесіне төрағалық ету барысында халықаралық проблемаларды шешуге барынша күш салады, деп елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

  • 28 Маусым 2011
  • 424
Фото - Caravan.kz


«ЕҚЫҰ төраға ретінде мол тәжірибе жинақтаған Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының СІМ Кеңесіне жетекшілік ету барысында Ұйымның барлық проблемалары бойынша жан-жақты диалог орнатуға барын салады», — деді ол Ұйымның сейсенбі күні Астанада өтіп жатқан 38-ші сессиясында.
Елбасының айтуынша, Астананың диалог алаңы «Батыс пен Шығыстағы жергілікті дінаралық қақтығыстарды шешуге және алдын-алуға» ықпал ете алады.
«Біздің еліміз Ұйымның беделін арттыруға барынша күш салады», — деп мәлімдеді президент.

Соңғы жаңалықтар