Қазақстан ИЫҰ төрағасы лауазымында бейбітшілік, ынтымақтастық және даму салаларында ілгерілеушілікке қол жеткізді - Е.Ыдырысов - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ИЫҰ төрағасы лауазымында бейбітшілік, ынтымақтастық және даму салаларында ілгерілеушілікке қол жеткізді - Е.Ыдырысов

Қазақстан ИЫҰ төрағасы лауазымында бейбітшілік, ынтымақтастық және даму салаларында ілгерілеушілікке қол жеткізді - Е.Ыдырысов

-Қазақстан ИЫҰ төрағасы лауазымында бейбітшілік, ынтымақтастық және даму салаларында ілгерілеушілікке қол жеткізді.

  • 16 Қараша 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Джибутиде ИЫҰ сыртқы істер министрлерінің 39-шы кеңесінде сөйлеген сөзінде осындай пікірін білдірді.

«Төрағалық барысында біз 38 исламдық және халықаралық оқиғаларды өткіздік, олар ИЫҰ күн тәртібі мен практикасын едәуір байытты. ИЫҰ органдарының қызметіне министрлер деңгейінде қуатты серпін берілді: мүше-мемлекеттер Атқару комитетінің бес отырысын, БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында жыл сайынғы үйлестіру кеңестерінде екі сессия өткізді, сондай-ақ қоршаған орта, денсаулық сақтау мен ғылымға қатысты нақты мәселелер бойынша бірқатар конференциялар өткізілді. Жалпы алғанда, министрлер деңгейінде 10 отырыс өткізді, бұл ИЫҰ-ның бүкіл тарихындағы ең көп шара», — деді Е.Ыдырысов.

Министрдің айтуынша, өткен біржарым жыл умманың қазіргі тарихында қайғылы сәттер ең көп болған кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде төрағалықтың үш ұстанымы белгіленді, атап айтқанда олар: «Бейбітшілік, ынтымақтастық және даму», Қазақстан осы үш салада да ілгерілеуге қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар