Қазақстан ИЫҰ-дағы төрағалық тізгінін Джибути Республикасына табыс етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан ИЫҰ-дағы төрағалық тізгінін Джибути Республикасына табыс етеді

Қазақстан ИЫҰ-дағы төрағалық тізгінін Джибути Республикасына табыс етеді

-15-16 қараша аралығында Джибутиде Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті 39-ыншы сессиясы болып өтеді.

  • 13 Қараша 2012
  • 281
Фото - Caravan.kz

ИЫҰ СІМК қатысатын қазақстандық делегацияны ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов басқарады. Бұл жайында Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«39-ыншы сессия аясында Қазақстан Республикасы ИЫҰ-дағы төрағалық тізгінін Джибути Республикасына табыс етеді. Қазақстан Ислам ынтымақтастық ұйымының Сыртқы істер министрлері кеңесіне 2011 жылдың маусым айынан бастап төрағалық мәртебесінде»,-деді ресми өкіл.

Джибутидегі сессия алаңында Ерлан Ыдырысовтың Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглумен, сонымен қатар бірқатар жетекші ислам мемлекеттерінің сыртқы саяси ведомство басшыларымен екіжақты кездесулері жоспарланған.

Кездесу барысында тараптар аталған беделді ұйымдағы Қазақстан төрағалығын қорытындылап, Ұйым аясындағы ынтымақтастықтың жоспарларын талқылайды.

«Біздің еліміз өзінің ИЫҰ-ға төрағалығы барысында әріптестері тарапынан Ұйымның және халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша белсенді іс-әрекеттері мен салмақты ұстанымы үшін жоғары бағаға ие болды»,-деп атап өтті А. Әбибуллаев.

Соңғы жаңалықтар