Қазақстан кәсіпкерлері Клайпедада жылына 6 млн тонналық мұнай терминалын салмақшы - РБК daily - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кәсіпкерлері Клайпедада жылына 6 млн тонналық мұнай терминалын салмақшы - РБК daily

Қазақстан кәсіпкерлері Клайпедада жылына 6 млн тонналық мұнай терминалын салмақшы - РБК daily

Алматы. 15 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан кәсіпкерлері Клайпедада жылына 6 млн тонналық мұнай терминалын салмақшы. Бұл туралы Литваның жол қатынастары және коммуникациялар министрі Альгирдас Буткявичюс литвалық телеарнаға берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі РБК daily басылымына сілтеме жасап.

  • 15 Қыркүйек 2008
  • 386
Фото - Caravan.kz

Басылым ақпаратына сәйкес, терминал салу құны $300 — 400 млн бағаланып отыр. Литва басшылығы Қазақстан жағының ұсынысын қарауға уәде берді. Бірақ ол үшін теңіз айлақтары туралы заңға өзгеріс енгізу қажет. Литва жағы бірақ дәл қандай компанияның терминал салуға ниет білдіргенін айтпайды.

Сарапшылардың пайымдауынша, Қазақстан бұл инвестицияларды Mazeikiu Nafta компаниясының 75%-ын сатып алумен байланыстыруы мүмкін.

Mazeikiu Nafta — Литвадағы ең ірі мұнай компанияларының бірі. Компания акциясының 53,7% 2006 жылдың мамыр айына дейін ЮКОС-тың голландиялық еншілес компаниясы — Yukos International UK-BV тиесілі болған, бірақ $1,492 млрд сомаға Польшаның PKN Orlen мұнай компаниясына сатылған, тағы 40,66% акциясы Литва үкіметінің қарамағында. Компания құрамына жылына 12 млн тонна шикізат өңдейтін Мажейкью мұнай өңдеу зауыты, жылына 10 млн тонна өткізгіштігі бар Бутинге мұнай терминалы мен Литваның магистральдық құбыр жүйелері кіреді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар