Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы "Атамекен" одағының іс-қызметіне сын тақты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы "Атамекен"  одағының іс-қызметіне сын тақты

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы "Атамекен" одағының іс-қызметіне сын тақты

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы кәсіпкерлер мен жұмыс берушілердің "Атамекен" жалпыұлттық одағының іс-қызметіне сын тағып, одақтың әрекеттері мен әдіс-тәсілдерін "конструктивті емес әрі демократиялық емес" деп атады. Бұл туралы бүгін, 12-шілдеде Астанада өткен баспасөз мәслихатында форум президенті Райымбек Баталов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Шiлде 2005
  • 485
Фото - Caravan.kz

«Біз «Атамекенге» емес, одақ бағынатын принциптер мен тәсілдерге қарсымыз»,- деді Р.Баталов.

Оның айтуынша, «Атамекен» одағы форум мен басқа да қауымдастықтардың көп жылдан бергі жұмысын жоққа шығарғысы келеді». «Бұл жерде республикалық ұйымдардың орнын алмастыруға деген талпыныс қана байқалады»,- деп пайымдайды Р.Баталов. Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы президентінің пікірінше, «Атамекен» берері шамалы түрлі шараларды жыпырлата өткізуді әдетке айналдырып, жиналған материалдарды жинақтап жүйелеуге және мемлекеттік мекемелерде алға жылжытуға деген іргелі көзқарас қалыптастыруды естен шығарып алды».
«Қауымдастықтар аясындағы демократиялық процедураларды бұзуға жол беруге болмайды. Ал «Атамекен» жалпыұлттық одағының аясында жарғылық процедуралар жүйелі түрді бұзылады»,- деді Р.Баталов.
«Жарғыға өзгерістер енгізуге және күн тәртібіне қатысты барлық ұсыныстар тасада шешіледі. Ал «Атамекен» секілді ұйымдар мұндай жағдайға жол беруге болмайды»,- дейді ол.
Баспасөз мәслихатына қатысқан Алматы қалалық жиҺаз және ағаш өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы Евгений Бессоновтың айтуынша, ол «Одақ құрылтайшыларға қол ұшын беру мақсатымен құрылмаған -ау» деген тұжырымға келген. Қауымдастық «Атамекен» құрылтайшыларының құрамында. «Құрылтайшылар үйлестіру кеңесінің жекелеген мүшелерінің саяси амбициясын жүзеге асыру құралы іспетті»,- деді ол.
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы өкілдерінің хабарлауынша, олар «Атамекеннің» жұмысына қатысты өз ескертулерін бірнеше мәрте білдірген. Алайда, оған жауап болмапты. Осыған байланысты Қазақстан кәсіпкерлері форумының мүшелері «қалыптасқан ахуалға қатысты өздерінің кері көзқарасын бизнес-қоғамдастық пен мемлекет басшысының қаперіне жеткізуді жөн деп тапқан». Осы орайда форум «еліміздегі барлық республикалық қауымдастықтармен әдеп аясында жан-жақты жұмыстар жүргізуге, өзара сыйластық пен тең әріптестікке дайын екенін, кәсіпкерлікті дамытудың шынайы прициптерін, кәсіпкерлік құқық пен мүддені бірінші орынға қоятынын» мәлімдеді.

Перейти к новостям спорта