Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы республика үкіметіне отандық өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар топтамасын жолдамақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы республика үкіметіне отандық өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар топтамасын жолдамақшы

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы республика үкіметіне отандық өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар топтамасын жолдамақшы

Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы республика үкіметіне отандық өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар топтамасын жолдамақшы. Бұл туралы Қазақстан кәсіпкерлері форумының Алматыдағы кеңсесінің директоры Тимур Назханов бүгін, 14-желтоқсанда Алматыда "Отандық инвестициялар: проблемалар мен перспективалар" тақырыбы бойынша өткен дөңгелек үстелде хабарлады.

  • 14 Желтоқсан 2004
  • 695
Фото - Caravan.kz

Алматы қалалық әкімшілігінің мәліметі бойынша, 2004-жылғы 9 айда қала экономикасына салынған инвестиция көлемі 116,5 млрд. теңгені құрады, оның отандық инвесторлар 75,8 млрд. теңге, шетелдік инвесторлар 2 млрд. теңгедей қаржы құйды. Қаржының қалған бөлігі мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден бөлінген немесе грант бойынша алынған қаржы. Т.Назхановтың айтуынша, бұл сандар еліміздегі жалпы өңдеу өнеркәсібі салаларындағы шетелдік және отандық инвестицияның нақты деңгейі мен ара салмағын айқындап береді.

Ал кәсіпкерлердің пайымдауынша, мемлекет отандық бизнестің орнына, шетелдік капиталға қолдау көрсету саясатын одан әрі жалғастыруда. Мәселен, отандық бір сыра өндірісінің мәліметі бойынша, бұл саладағы шетелдік кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығының деңгейі тапқан пайданың 30-35 процентін құраса, керісінше, қазақстандық компаниялар үшін бұл көрсеткіш 50 проценттен асады. Кәсіпорын жетекшілерінің уәжіне жүгінсек, бұл бағытта прогресивті заңдарды қабылдаудың өзі жағдайды түземейді. Өйткені, олардың оңды әсерлерін министрліктер мен мекемелер жасап шығаратын заңдық актілер жоққа шығаруда.
Күні бүгінге дейін шешілмей отырған проблемалардың бірі ретінде дөңгелек үстелге қатысушылар орта буынды техникалық мамандардың тапшылығы, несиелер құнының тым қымбаттығы, кәсіпкерлікті қолдау жүйесінің күрделілігі, даму институттарындағы төрешілдік, үкіметтің іс-қызметі туралы ақпараттардың кәсіпорындарға жетпейтіндігі, еліміздегі заңдардың бір-біріне қарама-қайшылығы аталды. Бұл мәселелер үкіметке жолдауды көздеп отырған отандық өндірісті дамыту жөніндегі ұсыныстар топтамасына қамтылды.
Өндіріс құралдарын тез арада жаңалау үшін кәсіпкерлер үкіметке егер тапқан пайда қайтадан өндіріске инвестицияланатын болса, ондай жағдайда табыс салығынан бас тарту туралы ұсыныс жасамақшы. Бұған қоса кәсіпкерлер форумы Қазақстан президентінің жанында іскерлік кеңес, ал парламенттің жанында жұмыс тобын құру жөніндегі ұсыныспен шықпақшы. Ондағы мақсат — ел басшылығымен тікелей байланыс орнатып, заң шығару жұмыстарына атсалысуға мүмкіндік алу.

Перейти к новостям спорта