Қазақстан Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынады

Қазақстан Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынады

Бүгін, 22-қарашада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының министр орынбасарлары деңгейіндегі 19-шы отырысында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Каспийдегі тұрақтылық пактісін қабылдауды ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2005
  • 548
Фото - Caravan.kz

«Каспий теңізінде өзара ынтымақтастыққа аса қолайлы жағдайлар жасау керек. Ол мемлекеттердің қауіпсіздігіне қандай түрде болмасын қатер төндіруге немесе бейбітшілікке нұқсан келтіруге жол бермеуге тиіс»,- деді Қ.Тоқаев.

«Аймақта қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған біздің әрекеттеріміз халықаралық мақсат-мүддемен тығыз сабақтасуға тиіс. Осыған байланысты біз күш біріктіре отырып, Каспийдегі тұрақтылық пактісі түріндегі саяси құжаттың жобасын жасап, қабылдауды ұсынамыз. Онда лаңкестікпен, есірткі және қару-жарақтың заңсыз айналымымен, заңсыз көші-қонмен күрес саласындағы ынтымақтастық бағыттары қарастыруы қажет»,- деді ол.
Қазақстан сыртқы істер министрі бұл құжатты «Каспий бестігі» мемлекет басшыларының екінші саммиті барысында қарауға ұсынуға болар еді», деп атап өтті.

Перейти к новостям спорта