Қазақстан Каспийді аумақтық суларға, балық аулайтын аймақтар мен ортақ су кеңістігіне бөлуді ұсынады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Каспийді аумақтық суларға, балық аулайтын аймақтар мен ортақ су кеңістігіне бөлуді ұсынады

Қазақстан Каспийді аумақтық суларға, балық аулайтын аймақтар мен ортақ су кеңістігіне бөлуді ұсынады

Бүгін, 22-қарашада Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындаушы арнаулы жұмыс тобының министр орынбасарлары деңгейіндегі 19-шы отырысында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты Қазақстанның ұстанымының негіздерін ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Қараша 2005
  • 689
Фото - Caravan.kz

Сыртқы істер министрі Қазақстан жағы бұған дейін «Каспийді аумақтық суларға, балық аулайтын аймақтар мен ортақ су кеңістігіне бөлуді ұсынғанын» еске салды. Оның пайымдауынша, «бұл аймақтарда тиісті режимдер айқындалуға тиіс».

«Біздің пікірімізше, теңіздегі сыртқы аумақтық шекара мемлекеттік шекара болып саналуға тиіс. Оның шеңберінде мемлекет толыққанды егеменді құқықтарға ие болуға тиіс»,- деді министр. «Бұл — аумақтық тұрақтылық пен шекараның біртұтастығын қамтамасыз етуде қауіпсіздікке қосымша кепілдік беруге тиіс».
Дипломаттың пікірінше, «биоресурстарды пайдалану мен балық аулауды елдерге тиесілі аймақтарда және келісілген квоталар мен лицензияның негізінде ашық теңізде жүзеге асыру қажет. Ал балық аулайтын аймақты жеке категорияға бөліп, оның ен-мөлшері мен режимін айқындаған жөн».
Сонымен бірге Қ.Тоқаев Конвенция мәтінінде «Каспийді қоршай орналасқан құрлық іші елдерінің басқа теңіздер мен Әлемдік мұхитқа көліктің барлық түрлерін пайдалану арқылы еркін шығу және еркін транзит жүргізу құқығын» атап көрсету қажеттігін мәлімдеді.
Қ СІМ-нің пікірінше, «Каспий теңізін қоршай орналасқан мемлекеттер тарапынан теңіздің түбімен өтетін мұнай құбырларының экологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама жасау ісі мүдделі тараптардың экономикалық жобаларын іске асыруға кедергі келтіретін күрделі әрі ұзаққа созылатын процесс болмақ». «Ең тиімдісі — мұнай құбыры өзіне тиесілі аумақтағы теңіз түбі арқылы өтетін елмен құбыр бағыты және шарттары төңірегінде келісімге келу деп саанймыз»,- деді ол.
Қ.Тоқаев Қазақстанның 2004-жылы Каспий теңізіндегі қару-жараққа бес жақты бақылау жасау тетігін құру, қару-жарақ бойынша тұрақты тепе-теңдік сақтау және иелікте болатын қару-жарақтың көлемін белгілеу жөнінде бастама көтергенін атап өтті. Бұл шаралар «өзара шиеленісті болдырмауға және мемлекеттер арасында бейбіт ынтымақтастықты дамытуға қажетті сенімді құралға айналады»,- деді министр.

Перейти к новостям спорта