Қазақстан кеден комитетінің бұрынғы басшысы айыптау үкімімен келіспейді
Пара алған үшін он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетов үкімге қатысты шағым түсірмек. |
«Үкіммен толық келіспеймін. Өзімді кінәлімін деп есептемеймін. Осы жылдар ішінде менің атыма ешқандай шағым тсүпеді. Мен үкімге қатысты шағымданамын және осы жағдайды шынайы қадағалауларыңызды сұраймын», - деп ол үкім шығарылғаннан кейін журналистерге атап көрсетті.
«Барлық оқиға былтыр 24 қаңтарда өз кабинетімнен аудио және бейнежазба құралдарын тауып алған кезден басталды. Сол күні мен бас прокурорға, қаржы полициясы төрағасына ж.гіндім, ал үшінші ақпанда үстімнен қылмыстық іс қозғап, өзімді тұтқындады. Пара алуға қатысты ештеңе болмады, ешқандай ақша табылмады. Әбдірзақовты департамент бастығының орынбасары етіп тағайындау туралы бұйрық заңды болды. Ол біліктілік талаптарға сай келеді, оған қатысты ұйғарым болды, ол барлық тиісті қызметтердің келісімінен өткен болатын», - дейді С.Баймағамбетов.
Бұрын хабарланғандай, сейсенбі күні Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты С.Баймағамбетовты ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы (пара алу) бойынша кінәлі деп танып, қатаң режімді колонияға он жылға бас бостандығынан айырды.
Айыптау бойынша, С.Баймағамбетов облыстық кедендік бақылау департаменттерінің біріне басшының орынбасары қызметіне тағайындау және оған бас-көз болып жүру үшін жалпы 80 мың доллар алған.
Бұрынғы жылдары С.Баймағамбетов Қазақстан Ішкі істер министрі, президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі меңгерушісі, қаржы полициясы төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін