Жарияланды: 320

Қазақстан кеден комитетінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шығарылды

Қазақстан кеден комитетінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шығарылды

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған соты бүгін қаржы министрлігінің кедендік бақылау комитетінің бұрынғы басшысы Серік Баймағамбетовты он жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Бұл туралы сот залынан «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің тілшісі хабарлады. С.Баймағамбетов ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабы (пара алу) бойынша кінәлі деп танылды, 307-бабы (қызметтік бабын асыра пайдалану) бойынша ақталды. Айыпқа сәйкес, С.Баймағамбетов облыстық кедендік бақылау департаменттерінің біріне басшының орынбасары қызметіне тағайындау және оған бас-көз болып жүру үшін жалпы 80 мың доллар алған. Бұрынғы жылдары С.Баймағамбетов Қазақстан Ішкі істер министрі, президент әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі мәселелері жөніндегі меңгерушісі, қаржы полициясы төрағасының орынбасары болып қызметтер атқарған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін