Жарияланды: 420

Қазақстан Кеден одағында техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары туралы келісімді ратификациялады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы техникалық реттеудің бірыңғай қағидалары мен ережелері туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды", - деп бүгін Қазақстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бұл келісім шеңберінде тараптар техникалық регламенттерге қосымша талаптар қоймастан өз аумағында Кеден одағының техникалық регламенттеріне тиісті талаптарына сәйкес келетін өнім айналымын қамтамасыз етеді. Құжатқа сәйкес, өнімдердің бірыңғай тізімі құрылып, Кеден одағы шеңберінде оларға міндетті талаптар белгіленеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін