Қазақстан кеденінің 2004-жылғы басты мақсаты - контрабандамен күресті күшейту және кедендік процедураларды мейлінше жеңілдету болмақ - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кеденінің 2004-жылғы басты мақсаты - контрабандамен күресті күшейту және кедендік процедураларды мейлінше жеңілдету болмақ - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы

Қазақстан кеденінің 2004-жылғы басты мақсаты - контрабандамен күресті күшейту және кедендік процедураларды мейлінше жеңілдету болмақ - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы

Қазақстан кеденінің 2004-жылғы басты мақсаты - экономикалық контрабандамен күресті күшейту және республика шекарасынан өтетін азаматтар мен тауарлар үшін кедендік процедураларды мейлінше жеңілдету болмақ. Бұл туралы ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы Бердібек Сапарбаев бүгін, 23-қаңтарда Алматыда кедендік бақылау департаментінің кеңейтілген алқа мәжілісінде хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Кедендік бақылау агенттігі тәуекелділіктерді басқару жүйесін құруға бағытталған жұмыстарды бастады. Бұл жүйе сыртқы экономикалық алыс-беріске адал қатысушылардың өздеріне қарасты немесе олар тасымалдайтын тауарларды кедендік рәсімдеудің жеңілдетілген схемасын қолдануды қарастырады. Б.Сапарбаевтың хабарлауынша, ҚР Кедендік бақылау агенттігінің сарапшы жұмыс тобы бұл жүйенің жобасын жасауға кірісіп те кетті. Тәуекелділіктерді басқару жүйесін іске қосу нәтижесінде Кедендік бақылау агенттігінің ресурстары мейлінше тиімді пайдаланылып, төлем төлеуден жалтарушылардан жиналатын кедендік алымдар мөлшері айтарлықтай артады деп күтілуде. Сондай-ақ, жүктерді уақытша қоймаларда сақтау мерзімі қысқарып, сыртқы экономикалық іс-қызметке қатысушылардың қаржысы үнемделеді.

Елімізге импортталушы тауарлардың кедендік құнын анықтау үшін ҚР Кедендік бақылау агенттігі тауарлардың жеке классификаторын жасауда. Бастапқы кезеңде ол ресей тауарларының бағасы туралы ақпарат негізінде жасалады. Алдағы уақытта агенттік импорттық тауарлардың 90 процентінің құнын өз бетімен анықтамақ ниетте.
Б.Сапарбаев ҚР Кедендік бақылау агенттігінің құзыры аясы кеңейе түсуіне байланысты агенттікте жаңа бөлімшелер құрылып жатқанын атап көрсетті. Мәселен, агенттікке жедел іздестіру жұмыстарымен айналысу құқығы берілуіне байланысты кеден құрылымында жедел тергеу бөлімшелері құрылуда. Олар басқа да құқық қорғау мекемелерімен бірлесе отырып экономикалық қылмыстардың алдын алу және оларды тексеру жұмысымен айналысатын болады.
Сондай-ақ, ҚР Кедендік бақылау агенттігіне шекаралардағы радиациялық бақылау функциясы жүктелді. Б.Сапарбаевтың айтуынша, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған қаржы агенттік бюджетінде қарастырылған, алайда сауатты мамандардың тапшылығы басты проблема ретінде қалып отыр. Агенттік төрағасының айтуынша, бірқатар халықаралық ұйымдар Агенттік мұқтаждығына сәйкес радиациялық бақылауды жүзеге асыратын мамандарды дайындап беруге құлшыныс танытқан.
Ақша қозғалысын жеделдету мақсатымен ҚР Кедендік бақылау агенттігі жаңа кедендік ақпарат жүйесін пайдалануды көздеп отыр. Ол кедендік төлемдерді Қазақстан банктері шығаратын пластиктен жасалған несиелік карточкалар арқылы аударуға мүмкіндік береді. Б.Сапарбаевтың ақпаратына жүгінсек, 2003-жылы ҚР Кедендік бақылау агенттігі мемлекеттік кіріске 198 млрд. теңге аударды. Бұл мемлекеттік бюджет кірісінің бестен бір бөлігін құрайды. Агенттік 2004-жылы бұл межені 218 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар