Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жсап хабарлайды.
Елімізде тау-кен өндірісін дамытуға жыл сайын 6-7 млрд теңге қарастырылады екен. Бірақ вице-министр Санжар Жәркешов бұл ақша осы саланың дамуына мүлдем жеткіліксіз дейді.
"Ашып айтқанда жылына 6-7 миллиард теңге геология саласына бөлінеді. Өте аз қаржы. Біздің ауқымды жұмысқа бұл ақшамен белгілі бір жетістікке жету, жаңа өндіріс орындарын ашу өте қиын", — дейді экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жәркешов.
Қазірдің өзінде, телеарнаның мәліметінше, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында жабылған өндіріс ошақтары кездеседі. Кей аймақтарды тек инвесторлар сақтап тұр дейді геолог мамандар.