Қазақстан хабар таратудың сандық форматына көшуге қажетті шараларды қолға алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан хабар таратудың сандық форматына көшуге қажетті шараларды қолға алуда

Қазақстан хабар таратудың сандық форматына көшуге қажетті шараларды қолға алуда

Венада «Жаңа БАҚ-тарда пікір алуандығын дамыту» атты адами өлшемдер жөніндегі Қосымша кеңес жалғасуда.

  • 8 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Талқылауға салынған тақырыптар арасында жер үстінде хабар таратудың сандық форматына көшу мәселесі, сондай-ақ Интернеттегі пікірді еркін білдіру мен ақпараттардың еркін легін қолдау мәселесі бар.

Бүгін «Сандық форматта хабар таратуға көшуді реттеу аспектілері» тақырыбында өткен екінші сессия аясында Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов сөз сөйледі.

Н.Оразов атап өткендей, Қазақстанда сандық хабар тарату форматына көшу үрдісі ЕҚЫҰ-ның сандық дәуірдегі БАҚ еркіндігін нығайту туралы ұсынысына сай ұйымдастырылған.

Қазақстан хабар таратудың сандық форматына салдарсыз көшуге және адамдардың ақпарат алу құқығын қамтамасыз етуге қажетті шарттар жасау үшін барлық шараларды қолға алып жатқандығы аталып өтілді.

Соңғы жаңалықтар