Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланатын мәжіліс депутатының сайлауы ағымдағы жылдың 23 қазанына белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланатын мәжіліс депутатының сайлауы ағымдағы жылдың 23 қазанына белгіленді

Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланатын мәжіліс депутатының сайлауы ағымдағы жылдың 23 қазанына белгіленді

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланатын мәжіліс депутатының бос қалған бір орнына депутат сайлауы ағымдағы жылдың 23 қазанына белгіленді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 8 Қазан 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«ОСК 6 қазанда Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланған мәжіліс депутаты Виктор Цойдың өз еркімен өкілеттіліктен бас тартуына байланысты оның отставкаға кету себептерін анықтау туралы қаулы қабылдаған», — деді Б. Мелдешов.

«Қазақстан парламентінің мәжілісі бүгін депутат Виктор Цойдың өкілеттілігін өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады», деді ол.

«Осындай оқиғаға байланысты «Сайлау туралы» конституциялық заңның 85-ші бабына сәйкес отставкаға кеткен депутаттың орнына жаңа депутат сайлауға негіз туды»,- деді ОСК хатшысы.

«Бұл қаулы бойынша парламент мәжілісінің депутаттығынан үміткерді ұсыну 9 қазаннан басталып, ағымдағы жылдың 14 қазанында аяқталады», — деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан парламентінің мәжілісі депутат Виктор Цойдың өкілеттілігін өз өтініші бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл шешім үшін төменгі палатаның отырысына қатысқан 96 депутаттың 93-і дауыс берді.

«Мұндай жағдайда Орталық сайлау комиссиясы депутаттың өкілеттілігінің аяқталуына байланысты барлық себептерді қарайды. Осы жолы депутаттың өзі өкілеттілігін тоқтату туралы өтініш жасады», — ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

Өз кезегінде төменгі палатаның вице-спикері Сергей Дьяченко депутаттарға мәжіліс төраағсы Аслан Мусиннің тапсырмасы бойынша депутат В. Цоймен өтініш жазғаннан кейін сөйлескенін хабарлады. «Ол өзінің депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын аяқтауды талап етуде», — деді С. Дьяченко.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, В. Цой Қазақстан Халқы ассамблеясынан сайланған депутаттар қатарында болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар