Кездесу барысында Қазақстан Елшісі жиналған қауымды Қазақстан мен Беларустың екіжақты қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған Елшіліктің негізгі жұмыстары туралы айтып берді.
Өз кезегінде павлодарлық «Беларусь» этнографиялық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассаблеясының мүшесі Любовь Богнат атап өткендей, Ассамблеяның идеясы мен тәжірибесі шет мемлекеттердің әртүрлі этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында үлкен қызығушылық тудырады.