Қазақстан халқына арнаған жолдауында Елбасы әлеуметтік саясатқа баса назар аударды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқына арнаған жолдауында Елбасы әлеуметтік саясатқа баса назар аударды

Қазақстан халқына арнаған жолдауында Елбасы әлеуметтік саясатқа баса назар аударды

Қазақстан халқына арнаған жолдауында Елбасы әлеуметтік саясатқа баса назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев бұл туралы 19-наурызда парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған жолдауында атап көрсетті, деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 19 Наурыз 2004
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Біз қазіргі таңда әлемнің барлық елдері тәрізді өз дамуымыздың аса бір күрделі кезінде отырмыз. Адамзат бұрын соңды басынан кешпеген, зор жаһандану процесі барған сайын өрістей түсуде. Біз де осы ғаламдасуға етек-жеңімізді жинап, тас-түйін дайындықпен келуіміз қажет». Елбасының айтуынша, «біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді баршамызға ортақ мақсатқа, еліміздің одан әрі өркендеуіне жұмсауымыз керек. Ғаламдану әлем елдерінің арасындағы экономикалық бәсекелестікті күшейте түседі. Ол бәсекелестіктен қашып құтылмаймыз. Сондықтан, бүгінгі жолдауда айтылатын мәселелер бірінші -тұрғын үй салу саясатын игеруге, екінші — денсаулық сақтау проблемаларын шешуге, үшінші -білім беру ісіне, төртінші — әлеуметтік қамсыздандыруды одан әрі өркендетуге қатысты болмақ. Өйткені, осы салалардың баршасында қордаланған мәселелерді шешу арқылы ғана өз мұратымызға бір табан жақындай түсеміз»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар