Республика көлемінде жүзеге асырылған социологиялық зерттеу қорытындысына сәйкес, сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі мемлекеттік комиссияның жұмыс қарқынының жоғарылығын, нәтижелілігін және еліміздегі саяси жүйені жаңалауға бағытталған шешімдердің нақтылығын атап өткен. «Сауалнамаға қатысқан азаматтардың 51,4 проценті мемлекеттік комиссияны Қазақстандағы демократияландыру үдерістерін нақты жылдамдатушы күш деп санайды»,- деді ол.
Социологиялық зерттеу мәліметтеріне сәйкес, еліміз азаматтарының 32,2 проценті қолданыстағы Ата заңның аясында іске асыруға болатын барлық реформаларды аяқтағаннан кейін барып қана республика Конституциясының жекелеген нормаларын өзгерту мүмкіндігімен келіседі. «Жалпы алғанда социологиялық зерттеулердің қорытындысы Қазақстан қоғамының құрамы жағынан бірыңғай емес екеніне қарамастан, ел халқының демократияландыруға бағытталған қадамдарды қолдауға дайын екенін паш етеді»,- деді О.Әбдікәрімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті