Қазақстан халқының саны 16,5 миллионнан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының саны 16,5 миллионнан асты

Қазақстан халқының саны 16,5 миллионнан асты

Биылғы жылдың сәуір айында Қазақстан халқының саны 20 мың 700 адамға артып, 16 млн 518 мың 500 адамға жетті.

  • 14 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Статистика агенттігінің ақпарына сүйенсек, сәуір айында табиғи өсім 19 мың 946 адамды құрады. Жалпы, қаңтар-сәуір аралығында 71 мың 421 адам.

Өзге сипаттамалары мен демографиялық ахуалға байланысты жасалған уақытша көрсеткіштер мынадай: бала туу — 32 мың 559 және 122 мың 857 адам, өлім-жітім — 12 мың 613 және 51 мың 436 адам.
Агенттіктің хабарлауынша, 2011 жылдың сәуірінде республикамыз бойынша 12 мың 528 неке қиылса, жалпы қаңтар-сәуір аралығында — 42 мың 727 отау тігіліпті (2010 жылдың дәл осындай кезеңінде 41 мың 24 неке).
Сонымен бірге, сәуірде бұзылған неке саны 4043. Ал, жалпы, осы жылдың бастапқы төрт айында 13 мың 798 отбасы ажырасқан.
Статистика мамандарының дерегіне сүйенсек, қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан 6 мың 708 адам көшіп кеткен, елге қоныс аударғандар саны 11 мың 873 адам.
Осылайша, қаңтар-сәуір аралығында республикадағы көші-қонның оң сальдосы 5 мың 165 адамды құрады, дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар