Қазақстан халқының үштен бірі жаңа үкіметтің 100 күндік жұмысына оң баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халқының үштен бірі жаңа үкіметтің 100 күндік жұмысына оң баға берді

Қазақстан халқының үштен бірі жаңа үкіметтің 100 күндік жұмысына оң баға берді

«Цесси-Қазақстан» әлеуметтік зерттеулер институты сауалнамасына қатысқандардың 36 пайызы жаңа үкіметтің бастапқы 100 күнде атқарған жұмысына оң баға берген.

  • 28 Желтоқсан 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

Институттың хабарлауынша, сұралғандардың 19 пайызы бұған қайшы пікірде.

Ал, респонденттердің 45 пайызы министрлер кабинетінің жұмысын бағалай алмаған.
Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі жаңа премьерді «білікті», «қызметіне лайық», «жігерлі», «байсалды», «қарапайым адамдардың проблемаларымен жақсы таныс» және «сенуге болатын» адам деп бағалаған.
Сұралғандардың жартысына жуығы (49%) С.Ахметовтің алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алатынына сенімді.
Респонденттердің үштен бірі бұл сауалға жауап беруге қиналған.
Қазақстандықтардың пікірінше, жаңа үкімет алдағы уақытта коммуналдық қызмет пен азық-түлік бағасын тежеу, медициналық қызмет сапасын көтеру, жемқорлыққа қарсы күрес, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға бөлінетін қолдауды арттыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызмет сапасын жақсарту сынды мәселелерге басты назарда ұстағаны жөн.
Желтоқсанның 20-сы мен 25-і аралығында еліміздің барлық облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында өткен зерттеуге 1200 респондент қатысқан.