Қазақстан халық әртісінің 70 жылдығына орай театр көрермендерінің кездесуі ұйымдастырылды - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халық әртісінің 70 жылдығына орай театр көрермендерінің кездесуі ұйымдастырылды - Ақмола облысы

Қазақстан халық әртісінің 70 жылдығына орай театр көрермендерінің кездесуі ұйымдастырылды - Ақмола облысы

Шахмет Хұсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ муызкалық-драма театрындағы көрермендер кездесуі Қазақстанның халық әртісі Жібек Бағысованың 70 жылдық торқалы тойына арналды.

  • 12 Қазан 2010
  • 755
Фото - Caravan.kz

Еңбекшілдер ауданының орталығы Степняк қаласының тумасы 1959 жылы осы шаһардағы Абай атындағы қазақ орта мектебін бітірген соң, Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының жанынан құрылған өнер студиясына оқуға түскен. Келер жылы Талдықорған облыстық қазақ драма театрына актерлік қызметке қабылданады. Уақыт ағысымен шыңдала келе 1961-1995 жылдар аралығында Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық-драма театрында жемісті еңбек еткен. Кейінгі 15 жылдан бері Көкшетауда Шахмет Хұсайынов атындағы театрдың белді актері. Театр қабырғасында жүріп, қазақ өнеріне сіңірген сүбелі үлесі үшін ҚР еңбек сіңірген әртісі, одан кейін Қазақстанның халық әртісі атақтарына ие болды. Ол сомдаған Қарлыға («Қарақыпшақ Қобыланды»), Әлиман (»Ана-Жер-Ана»), Қарагөз («Қарагөз»), Хадиша («Тыныштық күзетшісі»), Болдухан («Тіл табысқандар») көрермендер ықыласына бөленді. Жалпы осы кезеңде сахна төріне шығарған 250-ден астам кейіпкердің әрқайсысы өзіндік шынайылығымен, өз мінез-құлқымен дараланып отыруы актерлік өнердің басты жемісі болып табылады.

Кездесу аясында облыс әкімі мен ардагерлер кеңесінің құттықтау хаттары табысталып, бірқатар қойылымдардан үзінділер келтірілді, әріптестері, барша жұртшылық жүрекжарды лебіздерін білдірді.