Қазақстан Халық банкі 1992-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен түрлі салымдары болған Қазақстан азаматтарына өтемақы рәсімдеуге бағытталған екінші шараны бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі 1992-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен түрлі салымдары болған Қазақстан азаматтарына өтемақы рәсімдеуге бағытталған екінші шараны бастады

Қазақстан Халық банкі 1992-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен түрлі салымдары болған Қазақстан азаматтарына өтемақы рәсімдеуге бағытталған екінші шараны бастады

Бүгін, 11-мамырда Қазақстан Халық банкі 1992-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен түрлі салымдары болған 1936-1991-жылғы Қазақстан азаматтарына өтемақы рәсімдеуге бағытталған екінші шараны бастады. Бұл туралы Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Марат Заиров Алматыда өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 11 Мамыр 2004
  • 594
Фото - Caravan.kz

М.Заировтың түсініктемесіне жүгінсек, «былтыр салымшылардың бір бөлігі салым бойынша өтемақыларын рәсімдеп үлгермегендіктен, шараны жалғастыру туралы қаулы қабылданған».

«Өткен жылғы тәжірибені ескеріп, өтемақы төлеу шарасын пәрмендендіру үшін техникалық бағдарлама жетілдірілді. Салымдарға өтемақы рәсімдеуге жұмылдырылатын қызметкерлер саны арттырылды»,- деді ол.
Қазақстан Халық банкінің бөлшек сауданы қолдау департаментінің директоры Татьяна Марьясованың айтуынша, «өтемақыларды рәсімдеу жұмысы бүгін басталып та кетті. Өтемақы төлеу жұмыстары Халық банкінің ел көлеміндегі 626 есеп-кассалық бөлімдерінде жүзеге асырылады. Ірі бөлімшелерде тек өтемақы төлеумен айналысатын арнаулы терезелер жұмыс істейді». «Өтемақы төлеу мерзімін бұдан былай үкімет ұзартпауы мүмкін. Елбасының жарлығына сәйкес бір мәрте өтемақы рәсімдеу шарасы 2003-жыл бойы жүзеге асырылғаны белгілі. Ал қазір үкімет үлгере алмай қалған адамдардың жағдайына қарап, мерзімді бір мәрте созып отыр»,- деді Т.Марьясова.
«2003-жылы біз жалпы көлемі 4,3 млрд. теңге жинақталған 1,2 млн. есепшотқа өтемақы төледік. Қазіргі жағдаймен реестрде жалпы сомасы 12 млрд. теңгені құрайтын 7,5 млн. салым бар»,- деді ол.
Т.Марьясованың айтуынша, «бұрынғыдай салымшының тікелей өзі немесе оның сенімді адамы келген жағдайда ғана өтемақы рәсімделеді. Салымшы қайтыс болған жағдайда салымның қалдығы мен оның өтемақысын оның мұрагерлері алады. Ол үшін мұрагерлік құқық туралы куәлікті көрсету керек».
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1992-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен түрлі салымдары болған 1936-1991-жылғы Қазақстан азаматтарына өтемақы рәсімдеу шарасы Қазақстан Халық банкінде 2004-жылдың 11-мамыры мен 22-желтоқсаны аралығында жалғасады.
Салымдарға өтемақы салымшының тікелей өзі келген жағдайда Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигацияларды рәсімдеу арқылы төленеді.
1936-1940-жылы туған азаматтар үшін мұраға қалған салымдарды ескеру негізінде бір жылдық айналыммен Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялардың қосымша эмиссиясы шығарылды. Ал 1941-1960-жылдары туған азаматтар мұраға қалған салымдарды ескеру негізінде екі жылдық айналыммен шығарылған Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигацияларға жазылады. 1961-1991-жылдары туған азаматтар үшін мұраға қалған салымдарды ескеру негізінде үш жылдық айналыммен шығарылған Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялар рәсімделеді.
Бір жылдық айналыммен шығарылған Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялардың жылдық өсімақы ставкасы 5,1 процентті, екі жылдық айналыммен шығарылған Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялардың жылдық өсімақы ставкасы 8,19 процентті, үш жылдық айналыммен шығарылған Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялардың жылдық өсімақы ставкасы 7,4 процентті құрайды.
Өтемақы төлеу жұмыстары Халық банкінің ел көлеміндегі 626 есеп-кассалық бөлімдерінде жүзеге асырылады.
Өтемақы мөлшері 1992-жылдың 1-қаңтарындағы салым қалдығын 1992-жылдың 3-қаңтарындағы биржа бағамы бойынша доллар эквивалентіне шаға есептей отырып, соңынан бұл эквивалентті ҚР Ұлттық банкінің 2002-жылғы 29-желтоқсандағы теңге бағамына немесе Мемлекеттік арнаулы компенсациялық Қазынашылық облигациялардың тіркелу күніне шаға есептеу арқылы анықталды.

Соңғы жаңалықтар