Қазақстан Халық банкі 2004-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 6,7 млрд. теңгенің таза пайдасын тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі 2004-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 6,7 млрд. теңгенің таза пайдасын тапты

Қазақстан Халық банкі 2004-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 6,7 млрд. теңгенің таза пайдасын тапты

Қазақстан Халық банкі 2004-жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша 6,7 млрд. теңгенің ($49,1) таза пайдасын тапты. 2003-жылғы осы мерзім көрсеткіштерімен салыстырғанда пайда мөлшері 2,2 есе өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Халық банкінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 384
Фото - Caravan.kz

2004-жылғы 1-сәуірдегі жағдаймен Халық банкінің активтері 291,4 млрд. теңгеге ($2,1 млрд.) жетіп, өткен жылғы тиісті мерзіммен салыстырғанда 62,7 млрд. теңгеге немесе 27,4 процентке өсті. Банктің жеке капиталы 25,6 млрд. теңге ($188,3 млн.) жетіп, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 6,2 млрд. теңгеге немесе 32,2 процентке өсті.

Тұтынушыларға берілген несие мөлшері есепті мерзімде 2003-жылғы 1-шілдедегі 154,2 млрд. теңгеден 198,4 млрд. теңгеге ($1,458 млрд.) жетті. Сондай-ақ, тұрғындарға берілген несие мөлшері 2003-жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 70 процентке артып, 37,2 млрд. теңге ($273,4 млн.) болды.
Тұрғындар салымының мөлшері 101,012 млрд. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы жарты жылдық көрсеткішінен 29,4 процентке артық.
Алғашқы жарты жылда банк міндеттемелері 17 млрд. теңге ($1,3 млрд.) болды.

Перейти к новостям спорта