Жарияланды: 490

Қазақстан Халық Банкі 90 жылдық мерейтойына орай «Медеу» мұз айдынына тегін коньки тебуге шақырады

Қазақстан Халық Банкі 90 жылдық мерейтойына орай «Медеу» мұз айдынына тегін коньки тебуге шақырады

Биыл «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның құрылғанына 90 жыл толады.

Осыған орай банк басшылығы алматылықтарды және оңтүстік астананың барша қонақтарын отбасыларымен бірге 12 қаңтар күні «Медеу» мұз айдынына тегін коньки тебуге шақырады. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ бұрынғы Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің негізінде қайта құрылды және біраз уақыт бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы мен жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болып келді. 2001 жылы жүргізілген Халық банкін жекешелендіру нәтижесінде Банк өз клиенттеріне кең ауқымды және барынша сапалы қызметтер спектрін ұсыну мүмкіндігін беретін бизнес құрылымын құрды. Банк Visa International және MasterCard International төлем жүйесінің карточкаларын шығарады және қазақстандық пластикалық карточкалар нарығының тұрақты көшбасшысы болып келеді. Банктің жалпы шығарылған карточкаларының саны 2,7 млн. бірліктен асып түсті, ал екінші деңгейдегі банктер арасындағы Банктің бұл көрсеткіш бойынша үлесі 40 пайыздан асады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін