Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Колпаков "отбасына қатысты себептерге байланысты" қызметінен босатылды - ҚР Халық банкінің төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 511
  • 602.72
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Колпаков "отбасына қатысты себептерге байланысты" қызметінен босатылды - ҚР Халық банкінің төрағасы

Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Колпаков "отбасына қатысты себептерге байланысты" қызметінен босатылды - ҚР Халық банкінің төрағасы

Қазақстан Халық банкі басқармалары төрағасының орынбасары Константин Колпаков "отбасына қатысты себептерге байланысты" қызметінен босатылды. Бұл туралы бүгін, 20-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Қазақстан Халық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченко құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Шiлде 2005
  • 511
Фото - Caravan.kz

Г.Марченконың айтуынша, «кеше К.Колпаков банкте соңғы күн жұмыс істеді. Ол ұзақ уақыт бойына отбасынан жырақта жүре алмады. Өз елі- Ресейге қайта оралды»,- деді Халық банкінің төрағасы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, К.Колпаков 1998-жылдан бері банк саласында қызмет етеді. Атап айтсақ, ол 1998-жылдан бері «Каспийский банкі» ААҚ басқармалары төрағасының орынбасары және директорлар кеңесінің төрағасы болып істеді. 2000-2002-жылдар аралығында ҚР Ұлттық банкі басқармалары төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2002-2005-жылдар аралығында Ресейдің «Петрокоммерц» Банкі» ААҚ-ның аға вице-президенті болды. 2005-жылдың қаңтар айында К.Колпаков Қазақстан Халық банкі басқармаларының құрамына енді.

Перейти к новостям спорта