Қазақстан Халық банкі "электронды кезек" жүйесінің тұсаукесерін жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі "электронды кезек" жүйесінің тұсаукесерін жасады

Қазақстан Халық банкі "электронды кезек" жүйесінің тұсаукесерін жасады

Бүгін, 16-ақпанда Алматыда Қазақстан Халық банкі тұрғындарға қызмет көрсетудің "электронды кезек" жүйесі деп аталатын жаңа қызмет түрінің тұсаукесерін жасады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 1324
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Халық банкінің бөлшек сауда департаментінің директоры Виталий Пемзовтың KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, «электронды кезек» жүйесі клиенттің белгілі бір банк қызметіне деген сұранысын ескере отырып, оларды автоматты түрде тіркеу арқылы қызмет көрсету жұмысын реттеуге, басқаша айтқанда, адамдарды кезекке тұру қиындығынан құтқаруға мүмкіндік береді».

В.Пемзовтың түсініктемесіне жүгінсек, негізгі залда отыратын бақылаушы-кассирлер коммуналдық және салық төлемдерін қабылдау, зейнетақы және жәрдемақы беру тәрізді басқа да есеп-кассалық операцияларды жүзеге асырады. Ол үшін банкке келген клиент аппарат түймелері арасынан өзіне қажетті банк операциясын басып, өзінің кезек номері көрсетілген талон алады. Кезегін күтіп отырған клиенттер үшін залда жайлы орындықтар орнатылған. Залдағы бас табло-тақтада кезек номері мен қызмет көрсетілетін касса терезесінің саны шыққан кезде клиент шақыру алады. Сонымен бір уақытта менеджерге клинет сұраныс берген операция түрі туралы ақпарат жетіп, соған сәйкес қажетті бағдарламалық қамтамасыздық әзірленеді.
В.Пемзовтың пікірінше, «жаңа «электронды кезек» жүйесі қолданысқа енгізілген жағдайда қызмет көрсету сапасы едәуір жақсарып, операцияларды жүзеге асыру жылдамдығы артады. Жаңа жүйенің басты артықшылығы , банктің қызмет көрсету жұмыстарында құпиялық сақталады».
«Электронды кезек» жүйесінің жабдықтары Швецияның «Nemo Q» компаниясынан сатып алынды. Диспенсер деп аталатын негізгі аппарат 6 түймемен жабдықталған. Түймелерде несие рәсімдеу, пластикалық карттарды рәсімдеу, мерзімді депозит ашу, валюта айырбастау, пластикалық картпен қолма-қол ақша алу, несиені өтеу және басқа да операциялар (зейнетақы, коммуналдық төлемдер, салық) тәрізді банк операцияларының түрлері көрсетілген.
В.Пемзовтың айтуынша, «аталмыш жабдықты сатып алу және оны орнату құнына 17 мың евро жұмсалды. Бұл әзірге тәжірибелік мақсатпен алынған жалғыз үлгі. Алдағы уақытта банктің Алматы және Астана қалаларындағы ірі есеп-кассалық бөлімшелері осындай жүйемен қамтамасыз етіледі».

Соңғы жаңалықтар