Қазақстан Халық банкі президенттіктен үміткерлердің уақытша арнаулы шотын ұстаушы ретінде таңдалды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі президенттіктен үміткерлердің уақытша арнаулы шотын ұстаушы ретінде таңдалды

Қазақстан Халық банкі президенттіктен үміткерлердің уақытша арнаулы шотын ұстаушы ретінде таңдалды

Қазақстан Халық банкі президенттіктен үміткерлердің уақытша арнаулы шотын ұстаушы ретінде таңдалды. Бүгін, 28-қыркүйекте ҚР Орталық сайлау комиссиясында өткен кеңесте осындай шешім қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz



«Филиалдық желісі жақсы дамыған бұл банкпен біз сайлау мәселелері бойынша 1999-жылдан бері бірлесе жұмыс істеп келеміз. Біз біраз тәжірибе жинақтадық»,- деп мәлімдеді отырыста Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Арыстанбек Тұрғанқұлов.
«Заң бойынша қызмет көрсетушіден қызмет түрін сатып алғанда ғана байқау процедурасы қарастырылған. Ал аталмыш жағдайда Орталық сайлау комиссиясы мемлекеттік бюджеттен бір тиын да төлемейтіндіктен, байқау өткізіп жату міндетті емес»,- деді А.Тұрғанқұлов. «Сайлау туралы» ҚР заңында банкті Орталық сайлау комиссиясы таңдайды деп көрсетілген»- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта