Қазақстан Халық банкі Қытайдың Құрылыс банкінде корреспонденттік есепшот ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі Қытайдың Құрылыс банкінде корреспонденттік есепшот ашты

Қазақстан Халық банкі Қытайдың Құрылыс банкінде корреспонденттік есепшот ашты

"Қазақстан Халық банкі " (Halyk bank) АҚ-ның басқармалары төрағасының орынбасары Марат Зайыровтың 24-25-тамызда Қытайдың Шыңжан Ұйғыр Автономиялық ауданының орталығы Үрімжі қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Қытайдың Құрылыс (China Construction Bank) банкінде АҚШ доллары бойынша корреспонденттік есепшот ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Тамыз 2004
  • 695
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл оқиға екі елдің шекаралық аудандарында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға түрткі болатын корреспонденттік байланыстар орнатудағы алғашқы қадам болмақ.

«Елбасының биылғы мамыр айындағы Қытайға сапары барысында екі мемлекеттің шекаралық еркін сауда аймағын құру, сондай-ақ, Қазақстан мен Қытайдың коммерциялық банктері арасында әріптестік байланыстар орнату туралы мәселе талқыланған»,- деді төрағаның орынбасары.
Қазақстан Халық банкі Қытайдағы өз бизнесін дәл осы шекаралық аймақта дамытуды жоспарлап отыр. Бұған қоса, М.Зайыровтың айтуынша, алдағы уақытта банк Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-саттық келісім-шарттарын қаржыландыруға несиелік лимит алу үшін келіссөздер жүргізіп жатыр.

Перейти к новостям спорта