Қазақстан Халық банкі шағын бизнеске несие беру жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыра бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 473.13
  • 554.08
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі шағын бизнеске несие беру жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыра бастады

Қазақстан Халық банкі шағын бизнеске несие беру жөніндегі жаңа бағдарламаны жүзеге асыра бастады

Бүгін, 1-наурыздан бастап Қазақстан Халық банкі шағын бизнеске несие беру жөніндегі "Бизнес Lights" атты жаңа бағдарламаны жүзеге асыра бастады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Халық банкі басқармаларының төрағасы Григорий Марченко жария етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Наурыз 2005
  • 658
Фото - Caravan.kz

Г.Марченконың хабарлауынша, «Бизнес Lights» бағдарламасы бойынша несие 7 жылға беріледі. Несиелендіру өсімақысы жылдық 12 процентке, сақтандыру депозиті несие мөлшерінің 15-20 процентіне тең. Бағдарлама бойынша қарастырылған жеңілдетілген төлем мерзімі 6-12 айды құрайды. Бұдан әрі несие ай сайын өтеліп отыруы тиіс. Несиені 6 айдан кейін мерзімінен бұрын толық қайтаруға болады.

Бұл бағдарлама шеңберінде Халық банкі аяғынан тік тұрған бизнеспен бірге жаңадан құрылған кәсіпкерлікті де несиелендірмек. Несиенің ең жоғарғы мөлшері 300 мың долларға тең.
2005-жылдың 1-қаңтарындағы жағдаймен Қазақстан Халық банкінің активтері 398,2 млрд. теңге, несие қоржыны 264,9 млрд. теңге болды. Несиелік қоржынның аясында шағын және орта бизнеске арналған несиелердің үлесі 45,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл — жалпы несиелік қоржынның 17 процентіне тең. «Бизнес Lights» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2005-жылы шағын бизнесті несиелендіру үлесі банктің жалпы несиелік қоржынының 30 процентіне дейін ұлғайтылуы мүмкін.