Қазақстан халық банкі UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне енді - kaz.caravan.kz
  • $ 523.54
  • 546.47
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан халық банкі UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне енді

Қазақстан халық банкі UnionPay International халықаралық төлем жүйесіне енді

Қазақстан халық банкі Қытайдың Шанхай қаласында ашылған China UnionPay (CUP) төлем жүйесінің халықаралық бөлімшесі - UnionPay International-дің (UPI) негізін қалаушылар құрамына кірді әрі UPI ресми мүшесі атанды.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 511
Фото - Caravan.kz

Банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бөлімшенің ресми ашылу рәсімі аясында UPI негізін қалаушы және оның мүшесі болып табылатын компаниялар өзара бас қосты. Оған 60-тан астам қытайлық және шетелдік коммерциялық банк қатысқан. Кездесу барысында UnionPay International жүйесіне мүшелікке өтудің жалпы ережелері талқыланып, қол қойылды. Сонымен қатар, жүйеге қатысушылардың арасынан UnionPay International-дың жұмыс органы — Member Council (Өкілдер кеңесі) сайланды және оған 24 қаржылық ұйым мүше болып кірді. Қазақстан халық банкі Консультанттар басқармасының (Соuncils Board) құрамына Шығыс және Орталық Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің өкілі ретінде енгізілді.

«Карточкалық бизнес саласындағы аса ірі процессингтік компания болып табылатын China UnionPay-мен серіктестік қарым-қатынасты біз 2006 жылы Эквайринг туралы шартқа қол қоюдан бастаған болатынбыз. Содан бергі 6 жылдың ішінде China UnionPay халықаралық бөлімшесінің негізін салушылар құрамына кіру арқылы біз UnionPay International бизнесінің жаңаша даму үрдісінің тікелей қатысушысы болып отырмыз», — дейді Қазақстан халық банкі Басқармасының төрайымы ҮмітШаяхметова.

UnionPay қытайлық төлем жүйесі Қытай халық банкінің қолдауымен 2002 жылы елдегі жетекші банктер күшімен құрылған болатын. Екі жыл өткеннен кейін-ақ компания қызметі Қытай аумағынан тыс жерлерге тарала бастады және қазіргі уақытта бұл қызметпен дүниежүзінің 135 елі қамтылып отыр.

СUP жүйесінің Қазақстан нарығындағы өкілі Жанг Ченгдонгның сөзіне қарағанда, «Бастапқыда бұл жүйе бойынша China UnionPay төлем карточкаларын иеленуші Қытай азаматтарына қызмет көрсетілді. 2006 жылдан бастап СUP төлем жүйесі халықаралық деңгейге көтерілген соң, біздің мүддеміз резидент емес тұлғаларға да — жүйенің төлем карточкасын пайдаланушы шет елдердегі клиенттерге де тарала бастады. Бүгінгі күні бұлардың жалпы саны 15 миллионға жуықтап қалды».