Қазақстан Халық банкі ұялы телефондарға арналған жаңа қосымшаны іске қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Халық банкі ұялы телефондарға арналған жаңа қосымшаны іске қосты

Қазақстан Халық банкі ұялы телефондарға арналған жаңа қосымшаны іске қосты

Бүгін Алматыда «КаР-Тел» ЖШС мен «Қазақстан халық банкі» АҚ ұялы телефондарға арналған жаңа «Halyk-Beeline» қосымшасын іске қосқанын хабарлады.

  • 8 Маусым 2011
  • 422
Фото - Caravan.kz

Бұл Қазақстан нарығындағы жаңа қызмет түрі болып отыр. Ол банктің төлем карталарын ұстаушы болып табылатын байланыс операторының абоненттеріне Қазақстан аумағында ұялы байланыс, кабельді телевидение мен коммуналды қызметтер саласындағы 50-ден астам сауда-қызмет көрсету кәсіпорындарында төлем жасауға мүмкіндік береді.

«Абоненттер еш қиындықсыз Халық банкінің төлем картасынан екінші төлем картасына, VISA төлем картасынан VISA жүйесінің өзге төлем карталарына аударымдар жасай алады. Сондай-ақ банк картасы бойынша теңгерім, операциялар тарихы, берешек сияқты мәліметті көруге қол жеткізеді», — дейді «Қазақстан халық банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Смағұлов. Ал «КаР-Тел» ЖШС-нің Маркетинг жөніндегі директоры Айнұр Әбжанованың айтуынша, Қазақстан нарығындағы жаңа қызмет түрі кез-келген уақытта, кез-келген жерде төлем картасы және мобильді банкинг арқылы төлем жасауға мүмкіндік береді. Жаңа қызмет бойынша банк пен ұялы байланыс операторының клиенттері енді өздеріне қолайлы уақытта мамандардың көмегіне жүгінбей және банк бөлімшесіне келмей-ақ, операцияларды жүзеге асыра алады. Ол J2ME Jаva-технологиясын қолдайтын барлық телефондар арқылы қолжетімді. Ал Windows Mobile OS, Android OS, Apple iOS жүйелері арқылы қызмет жасайтын телефондардарда жақын арада іске қосылады. Оны байланыс компаниясының сайты мен порталынан тегін жүктеп алуға болады.

Соңғы жаңалықтар